Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Зәкиева автобуста аутизмі бар баланы кемсіткен әйелге қатысты пікір білдірді

Астанадағы автобуста аутизммен ауыратын кішкентай баланы балағаттаған әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Зәкиева автобуста аутизмі бар баланы кемсіткен әйелге қатысты пікір білдірді
Фото: ҰОК

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева сырқаты бар баланың ан4асымен байланыста екенін айтты.

«Астанада қоғамдық көліктегі жолаушы әйелдің балаға дөрекілік танытып, кемсіткені туралы анасы айтып берді.

Осыған байланысты қала прокуратурасымен байланыс орнатылды. Сарыарқа ауданының полиция басқармасы күдіктінің жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр», - деп жазды уәкіл.

Еске салсақ, Сағина атты әйел 6 жасар аутизмі бар қызына автобустағы әйелдің дөрекілік танытқаны туралы айтып, оқиғасын желіге шығарды. Көпшілік Сағинаға қолдау білдіріп жатыр.