Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

29 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады
Фото: Ақорда

"Сапар барысында Анкарада мемлекет басшыларының қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер өтеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.