Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектеп асханаларында жаңа талап бойынша қандай тамақты сатуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, мектеп асханаларында дайын тамаққа қосылатын қанттың мөлшері 3,5 есеге, ал тұздың мөлшері 2-2,5 есеге азайтылады. Оны мектептегі мейірбикелер тексеріп отырады.
"Ал мектеп буфеттерінде жеңіл сіңетін көмірсуларға, атап айтқанда, гамбургер, чебурек сияқты фастуфтқа тыйым салынады", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, бұған дейін газдалған сусын мен кәмпитті мектеп буфеттерінде сатуға тыйым салынған болатын.