Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Теміртау тұрғыны 6 млн теңге ақшасын алаяқтың шотына аударып жібере жаздаған

Теміртауда полицияның көмегімен алаяққа алдана жаздаған тұрғынның ақша жинағы сақталып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Теміртау тұрғыны 6 млн теңге ақшасын алаяқтың шотына аударып жібере жаздаған
Фото: polisia.kz

Банк қызметкері кассадан 6 миллион теңге қолма-қол ақша алған ер адам туралы “102” желісіне хабарлаған. Мұндай ірі соманы алудағы мақсат не деген сұраққа, клиент "жеке қажеттіліктер үшін" деп жауап берген. Оқиға орнына Киберпол қызметкерлері мен Шығыс ПБ учаскелік инспекторы келіп, 50 жастағы тұрғынымен әңгіме жүргізеді.

"Ер адамның сөзінше, оған телефон арқылы ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу, алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатқанын, оның банктегі жинақ ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Тұрғын өзінің есепшотында 6 миллион теңге бар екенін айтып қалады", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде алаяқтың нұсқауымен ол ақшаны шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аудармақ болған.

Полицияның үйлесімді әрекеті мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтық әрекеттің алды алынып, салымшының жинақтарын сақталып қалды.