Биыл Қазақстанның 6 өңірінде жалақы төмендеген, деп хабарлайды Paryz.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл бірінші тоқсанда Қазақстандағы қызметкерлердің атаулы жалақысы 423,1 мың теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 9,2%-ке артық.
Бұл ретте нақты жалақы индексі 101,2% болды. Ең жоғары орташа айлық жалақы:
Атырау облысында - 634,2 мың теңге;
Маңғыстау облысында - 621,3 мың теңге
Ұлытау облысында - 599 мың теңге.
Ал ең төмен жалақы:
Солтүстік Қазақстан облысы - 300,1 мың теңге;
Жетісу облысы - 308,4 мың теңге;
Жамбыл облысы 308,9 мың теңге.
Елдің 20 аймағының алтауында нақты жалақы индексі төмендеген. Яғни бұл аймақтарда халықтың сатып алу деңгейі азайды.
Мұндай өңірлер: Батыс Қазақстан облысы (-5,2%); Атырау облысы (- 3,9%); Шығыс Қазақстан облысы(- 1,9%); Қызылорда облысы (- 1,2%); Ақмола облысы (-1,1%); Маңғыстау облысы (- 0,8%). Тек Қарағанды облысында нақты жалақы индексі өзгеріссіз сол деңгейде қалған. Ал Абай, Ұлытау облыстары сатып алу деңгейі өскен.