Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Сәтбаев қаласындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту — қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар жүйелі түрде іске асуда. Бұл — Сәтбаев қаласының дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жолындағы басты мақсаттардың бірі.

Сәтбаев қаласындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту — қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам
Фото: gov.kz

Сол жобалардың бірі — Құрманғазы, Аманжолов және Байсейітов көшелерінде жүзеге асырылып жатқан кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстары.

Келісімшартқа сәйкес, жалпы ұзындығы 2470 метр болатын кәріз желісі толықтай ауыстырылады.

Бүгінгі күнге дейін мердігер ұйым — «Жанем» ЖШС тарапынан 650 метр желі жаңартылып, барлық қажетті материалдар — құбырлар мен құдықтар нысан басына жеткізілді.

Техникалық бақылау «Геоинжиниринг» ЖШС мекемесінде. Жұмыс қарқыны жақсы, жоспар бойынша жалғасуда.

Бұл жобаның басты мақсаты — осы аумақтардағы кәріз жүйесінің сапасын арттырып, санитарлық жағдайды жақсартып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.