Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қолма-қол ақша керек деді»: Перизат Қайрат қордың қаржысын ИП арқылы шығарып отырған

Сотта куәгер Әділхан Мусин Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қорына түскен қайырымдылық қаражатты қалай қолма-қолға айналдырғанын жайып салды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қолма-қол ақша керек деді»: Перизат Қайрат қордың қаржысын ИП арқылы шығарып отырған
фото: жоғарғы сот

Оның сөзінше, Қайрат кәсіпкерлерді араға салып, ақшаны ИП есепшоттары арқылы өткізіп отырған.

"Перизаттың жеткізушілері болды, олар тек қолма-қол ақша сұрады. Біз сендік. Құжаттарды кейін реттедік", — деді ол.

Мусиннің айтуынша, 2024 жылдың көктемінде Қайрат одан Қытай шекарасынан киіз үй мен басқа да заттарды сатып алуға көмектесуін сұраған.

"Жеткізушілер қолма-қол ақша талап етеді» деп сендірген. Ол Қайратты бірнеше кәсіпкермен таныстырып, ақша солардың шотына аударылып, кейін шешіліп берілгенін айтты. — Барлығы заңды болады деп ойладық, бірақ рәсімдеуге уақыт болмады", — деді Мусин.