Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Перизат Қайрат камерада ноутбук қолданып жүр ме? – ҚАЖК жауабы

BAQ.KZ редакциясы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне "Перизат Қайрат камерада ноутбук қолданып жүр ме?" деген ресми сауал жолдаған болатын.

Перизат Қайрат камерада ноутбук қолданып жүр ме? – ҚАЖК жауабы
фото: видеодан скриншот

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) айыпталушыда гаджеттерге қолжетімділік бар деген қауесеттерге түсініктеме берді.

Бұл жағдайға қызығушылық 9 шілдеде өткен сот отырысында Перизат Қайраттың тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылғаны және құқықтарының бұзылғаны туралы көз жасын тыя алмай айтқан мәлімдемесінен кейін туындады.

Кейін Астана полициясы бақылау камерасынан алынған бейнежазбаны таратты. Видеода ноутбук сөмкесіне ұқсас зат көрсетілген.

Осыған қатысты ҚАЖК түсініктеме берді. Байланыс құралдарын, соның ішінде ноутбук пен ұялы телефонды режимдік нысандар аумағына енгізуге тыйым салынған. Видеода көрсетілген сөмке – басқа тергеудегі адамға тиесілі. Оның ішінде жеке заттар болған, техника емес, - деп жазылған ресми сауал жауабында. 

Комитет келесі жайттарды да атап өтті: Перизат Қайраттың әлеуметтік желілерге қолжетімділігі жоқ;

Мекемеде тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі;

Тұрақты тінту жұмыстары өтеді;

Айыпталушы кітапхананы пайдаланады және адвокатымен тұрақты кездесіп тұрады.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.