Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ескі көліктердің саны 4 миллионнан асты

Қазақстан бойынша маусым айында 159,2 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Ескі көліктердің саны 4 миллионнан асты
фото: Sputniknews

Есепке қойылған 159,2 мың автокөліктің ішінде:

жеңіл автомобиль – 143 мың,

жүк көлігі – 9,8 мың, 

автобустар – 1,3 мың, мототранспорт – 5,1 мың.

"Жалпы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 460,4 мың бірлікке жетті, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар, 2% – мотокөліктер", - деп жазды ведомство.

Автокөліктердің 67%-і, яғни 4,3 млн-нан астамы 10 жыл бұрын шыққан. 1,6 млн көліктің жүргеніне 3-10 жыл болған. Ал үш жылға толмаған, яғни жаңа көлік саны небәрі 453,1 мың бірлік.