Солтүстік Қазақстан облысында көл жағасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқыс оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады.
«13 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Шалқар ауылы маңындағы көл жағасынан ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.