Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

44 градус ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

44 градус ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады.

Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

«Күндіз 16-17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық – 39-44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40-44°С, оңтүстік-шығыста 40-42°С, солтүстік өңірлерде 30-35°С, ал шығыста 35-38°С қатты ыстық күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында