Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Перизат Қайрат Бауыржан Байбекті де жауапқа тартуды талап етті

Астанада Bizbergemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушысы Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспей, сотта Бауыржан Байбекті куә ретінде шақыруды талап етті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Перизат Қайрат Бауыржан Байбекті де жауапқа тартуды талап етті
фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, қайырымдылық қоры бастапқыда партияның бастамасымен құрылған, ал ол бұл процесте тек орындаушы рөлінде болған.

«Айыптау актісінің бірінші абзацынан бастап мені анаммен бірге қор құрды, құрылтайшылардың қолын қолдан жасады деп айыптайды. Бірақ бұл қор партия жанында, Байбектің басшылығымен құрылған. Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері. Сондықтан бұл мәселенің басын ашу үшін Бауыржан Байбектің өзінен жауап алынуы керек», – деді Перизат Қайрат сот отырысында.