Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі туризмге жағдай жасамаған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды
фото: Sputniknews

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаевқа халық тарапынан Алакөлге қатысты шағымдар көптеп түсіп жатыр.

"Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды. Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген", - деп жазды Желдібай.

Үкімет қысқа уақыттың ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс. Ал олқылық жіберген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.