Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгертуге арналған қаулы жобасы ұсынылды. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жария етілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Түзетуге ұшырайтын құжаттың атауы - "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Үкімет қаулысы.
Қаулыға Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң аясында түзету енгізу қажеттігі туындаған.
Жобамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - делінген жазбада.