Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.