Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада тағы да автобус апаты: үш адамның миы шайқалған

Астанада жолаушылар апаты тағы да апатқа ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада тағы да автобус апаты: үш адамның миы шайқалған
Baq.kz

«Жолаушылар мінген қоғамдық көлік жеңіл автомобильмен соқтығысқан. Салдарынан үш адам зардап шегіп ауруханаға жеткізілді. Қосшығұлұлы көшесінен келе жатқан автобус Серкебаев көшесінің қиылысында "Ford" автокөлігіне жол бермеген. Сол себепті жол апаты орын алды», - деп атап өтті полиция департаментінен. 

Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шегіп, қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

«Жол апаты салдарынан 4 зардап шеккен жолаушы түрлі дене жарақатымен жедел жәрдемге тапсырылды. Олардың біреуі академик Н.Д. Бәтпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Қалған 3 жолаушы №3 көпсалалы қалалық ауруханаға түсті. Зардап шеккендер негізінен жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Пациенттер дәрігердің тексерінен кейін амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», - деп жауап берді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы редакцияның сауалына.