Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбедегі жарылыс: екі адам ауруханада көз жұмды

Ақтөбе локомотив депосында болған төтенше оқиғадан кейін екі жұмысшы аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбедегі жарылыс: екі адам ауруханада көз жұмды
Фото: uralskweek.kz

26 маусымда депода екі жұмысшы тепловозды жөндеп жүрген. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде жарылыс болып, өрт шыққан. Сол кезде 2000 және 1989 жылы туған екі ер адам қатты күйіп қалды. Оларды жедел жәрдеммен көпсалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген.

"Оларға бірден қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Салалық мамандар тәулік бойы қарап жүрді. Бірақ атқарылған емдеу-реанимациялық шараларға қарамастан, ауыр жарақаттарға байланысты пациенттердің өмірін сақтау мүмкін болмады", - дейді дәрігерлер.

Айта кетері, желіде тараған ақпарат бойынша екі жұмысшының денесі 100 процент күйіп қалды. Ал локомотив депосы "Қамқор Локомотив" ЖШС-іне қарайды.