Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Адағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болады

3-5 шілде аралығында Қазақстанда өте қатты ыстық күн райы күтіледі. Кей жерлерде ауа температурасы +47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Адағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болады
Фото: Getty images

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. 4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін. 

Бұдан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі уақытта 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін. 5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендемек.