Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Енді қыз алып қашқандар сотталады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов некеге тұруға мәжбүрлеу ісі үшін қылмыстық жауаптылық енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды paryz.kz. Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Енді қыз алып қашқандар сотталады
Фото: Pixabay

Соңғы кездері ұлттық дәстүр деген желеумен, мәжбүрлеп үйлену үшін қыз алып қашу жайттары жиі кездесе бастады.

Негізінде, бұл – адам құқығы мен еркіндігін өрескел бұзу. Мұндай әрекетті Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік» деп атағаны бекер емес, - дейді Қошанов. Мәжіліс төрағасының айтуына қарағанда, қолданыстағы заңнамадағы олқылықтардың кесірінен бірен-саран іс қана сотқа жеткен. Сондықтан депутаттар некеге тұруға мәжбүрлеу ісі үшін қылмыстық жауаптылық енгізді. Жаңа норма осындай әрекеттерге толыққанды құқықтық баға беруге мүмкіндік тудырады. Әрі қыздарымыз бен қарындастарымыздың абыройы мен ар-намысын қорғайды, - деп айтты ол.

Бұдан бөлек, Парламент адамның бет-жүзін тануға бөгет болатын киім киюге де тыйым салды.