Парламент палаталарының депутаттары каникулға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті үшінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулы қабылдады.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті. Оның бір айында депутаттар өңірлерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды.