Астанадағы Бөкейхан көшесі мен №9 емхана аралығындағы жол 1 қыркүйекке дейін жабылатын болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасап, емханаға тек Мәңгілік Ел даңғылы арқылы кіресіздер деп хабарлап отыр.
«Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелерді жөндеу үшін Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол 30 маусым мен 1 қыркүйек аралығында толық жабылады», - деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әкімдік көлік иелері мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұраған.