Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елордада ауа райына байланысты рейстер кешігіп ұшып жатыр

Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты рейстердің кешігуі тіркелді, деп хабарлайды paryz.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ауа райына байланысты рейстер кешігіп ұшып жатыр
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Әуежайдың мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Бүгін әуежайда ұшып шығатын 79 рейс, ұшып келетін 78 рейс жоспарланған. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі жағдай: келу бойынша 10 рейс, ұшып шығу бойынша 2 рейс кешіктірілді. Кешігудің себебі – ауа райы жағдайлары», – делінген хабарламада.