Прямая трансляция

Астана

Астана

21.68°C

Жезқазғанда әйел адам бөтен үйдің есігін ашамын деп ірі көлемде айыппұл арқалады

Жезқазғанда әйел адам өзге біреудің пәтерінің есігін теуіп ашамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол эмоцияға беріліп, кіреберіс есікті ұрып, теуіп, есік тұтқасын сындырып жіберген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жезқазғанда әйел адам бөтен үйдің есігін ашамын деп ірі көлемде айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Сот мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 26 наурызында шамамен сағат 22:10 шамасында Жезқазған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Әйел бөтен пәтердің есігін әдейі зақымдаған. Сот отырысында ол өз әрекетін былайша түсіндірді: сол күні алтын сағатын жоғалтып алып, оны пәтер иесінің жұбайы алып кеткен болуы мүмкін деген күдікпен олардың есігін қағып барған. Өзінің айтуынша, ешқандай зиян келтірмеген. Алайда сотқа ұсынылған жәбірленуші мен көршілердің түсініктемелері және бейнематериалдар әйелдің агрессивті түрде есікті ұрып, теуіп, салдарынан есіктің тұтқасын сындырғанын дәлелдеді.

Сот Қылмыстық емес, бірақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігіне (бөтен мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою) сәйкес істі қарады. Айыпталушының әрекетінде жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот әйелді кінәлі деп танып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салды. Еске салайық, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бөтен мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою, егер бұл әрекет қылмыстық жазаға жатпайтын болса, 50 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген.