Прямая трансляция

Астана

Астана

19.94°C

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мерзімі қашан аяқталатынын хабарлады

Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы жылдың 1 қазанында 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мерзімі қашан аяқталатынын хабарлады
фото: Sputniknews

Салық заңнамасына сәйкес 2024 жыл үшін төленетін мүлік салығының сомалары бойынша хабарламалар биылғы жылдың шілде айынан бастап меншік иелеріне жіберіледі.

Бұдан басқа, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға салық сомасы бойынша PUSH-хабарламалар жіберу басталды. 

"2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.

Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, "Электронды үкімет" порталы арқылы, екінші деңгейлі банктердің бөлімшерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталары арқылы төлеуге болады.