Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Шымкент қаласының полиция департаменті растады.
«Осы фактіге қатысты адам өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынды. Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Осыдан кейін іс сотқа жолданады»,- делінген хабарламада.