Прямая трансляция

Астана

Астана

12.49°C

Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті

Алматы облысында теміржол өткеліне шығып кеткен екі адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Фото: ҚТЖ

ҚТЖ мәліметінше, оқыс оқиға 23 маусым күні сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы-1 учаскесінде болған.

«Пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аударған жоқ. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.