Павлодар облысындағы дауыл салдарынан Ақсу қаласында қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлаған.
Кран бірнеше күннен бері орнынан қозғалмаған. 23 тонналық кран тұрғындардың зәре-құтын қашырды.
Жел басылғаннан кейін ғана үйдің төбесінен кран алынып тасталды.
Әкімдіктің мәліметінше, қатты желден 61 көпқабатты, 102 жеке тұрғын үйдің, 16 әлеуметтік нысанның, 48 заңды тұлғаның шатырлары қираған. 250-ден астам ағаш құлаған.