Алматылық жүргізуші балалар отырған автобусты мас күйде басқарған.
Полицейлер Алматы облысындағы лагерьге балаларды апара жатқан автобустар колоннасын тоқтатқан.
Жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған.
Сараптама нәтижесі ағзада алкоголь барын растады. Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті.
Автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.