Бишімбаевпен бірге сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босатуды сұраған жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Былтыр экс-министр Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал оның туысы Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға түрмеге тоғытылды. Бүгінде Байжанов мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш бере алады. Бірақ ондай өтініш түскен жоқ.
"Бишімбаевтың туысы жайында айтар болсақ, одан ешқандай материалдар түскен жоқ. Егер ол мерзімінен бұрын босатуға қатысты өтініш берсе, әрине, бәрі заң аясында қаралады", - деді Сәденов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш түрме әкімшілігінің атына жазылады. Ал әкімшілік сотталған адамның мінездемесін жасайды. Сол кезде түрмеде алған дипломдар және тағы басқа ынталандыру шаралары ескеріледі. Одан кейін барлық материал сотқа жолданады