Қазақстанда маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгеге жетті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Осы жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге зейнетақы төленген.
Соның ішінде базалық зейнетақы – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 181,2 млрд теңге.
«2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам. 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге», - делінген хабарламада.
Биыл 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемі инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асыра көтерілген болатын.
Министрлік президенттің тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады деп болжам отыр.