Президент Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлады Ақорда.
ҚХР төрағасы Қазақстанға 16 маусымда келді. Ол Астанадағы "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысты. Саммит Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.
Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысты. Мемлекет басшылары аймақтық қарым-қатынастарды күшейту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, транзиттік интеграцияны дамыту және тағы басқа мәселелерді талқыға салды.