Прямая трансляция

Астана

Астана

31°C

16 млн адамның жеке деректері таралып кетті – министрлік мәлімдеме жасады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16,3 млн адамның жеке деректерінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

16 млн адамның жеке деректері таралып кетті – министрлік мәлімдеме жасады
© Sputnik / Абзал Калиев

Қазіргі кезде ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірге сол мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін тексеруге кірісті.

"Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ", - дейді министрлік мамандары. 

Ал адамның дербес деректері желіде тарап кеткен мәліметтер арасында болса, оған электрондық үкімет порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.

"Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған. Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады", - делінген ресми хабарламада.