Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Кәрім Мәсімовтің үйі мемлекет меншігіне өтпейтін болды

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі мемлекет меншігіне өтпейтін болды Бұл туралы Paryz.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәрім Мәсімовтің үйі мемлекет меншігіне өтпейтін болды
Фото: gov.kz

 «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» қазіргі уақытта бұл ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдауды жоспарлап отырған жоқ», - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Еске салайық, Мәсімовке тиесілі үй аукционға қойылған еді. Оның бастапқы бағасы 1,6 млрд теңге болатын. Бұған дейін ҰҚК бұрынғы басшысынан тәркіленген осы үй Астананың әлеуметтік қажеттілігіне пайдалануға берілетіні хабарланған еді.