Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полицияның мәліметінше, 2022 жылғы қазан айынан 2024 жылғы маусымға дейін ол Қазақстандағы ЖШС-тердің бірінің директоры бола отырып, жеке басының пайдасы үшін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған.
Ол өзге ЖШС-терге тиесілі ақшалай қаражат пен мүлікті иемденіп кеткен. Келтірілген жалпы шығын 5 миллиард теңгеден асады.