Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия премьер-министрін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Роберт Фицо екі күндік сапармен келіп отыр. Бүгін Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тоқаев пен Фицо екіжақты ынтымақтастық байланыстарын кеңейту мәселелерін талқылайды. Соның нәтижесінде бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.
Айта кетері, 60 жастағы Роберт Фицо 2023 жылы премьер-министр қызметіне үшінші рет тағайындалған. Ал екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы орнатылған болатын. 2005 жылы Қазақстанда Словакия елшілігі, 2006 жылы Словакияда Қазақстан елшілігі ашылды.