«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 11 маусымда антициклон әсері Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Елдің қалған аумағында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Абай облысының оңтүстігінде 35–37 градусқа дейін қатты ыстық болады.