Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жазғы туристік маусым қарсаңында Қазақстанда саяхатшылардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр.
«Туристің сапары әуежайдан басталып, қонақ үй, мейрамхана, көрікті орындарға дейін жалғасады. Осы аралықтың әр кезеңінде қолайлы жағдай жасау туризм индустриясының басты міндеті», – дейді министр.
Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналды.
«Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.2024 жылы елге 15,3 миллион шетелден келген. Сондай-ақ, 10 миллионнан астам ішкі турист ел ішінде саяхаттаған», – деді ол.