Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласы полиция департаменті бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz

Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды.

"Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада. 

Анықталған барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.