Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Тоқаев ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтаруды тапсырды

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді. 

Тоқаев ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтаруды тапсырды
фото: akorda.kz

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті. ️

Жиын соңында президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.