Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Елімізде ауа райы күрт бұзылады

"Қазгидромет" синоптиктері 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Елімізде ауа райы күрт бұзылады

Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Мамандардың айтуынша, циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал. Сондай-ақ бірнеше өңірде өте жоғары өрт қаупі күтіледі: Қызылорда облысында; 

Түркістан облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында;

Жамбыл облысының батысы, шығысы және таулы аудандарында;

Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында; Атырау облысының оңтүстігі, солтүстігі және батысында;

Алматы облысының батысы мен солтүстігінде; Маңғыстау облысының батысында; Қостанай облысының оңтүстігінде; Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының кейбір аудандарында (солтүстігі мен шығысы).