Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағасы 512,1 теңгені құрап, 0,71 теңгеге өсті, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 3 маусымдағы ресми доллар бағамы – 511,37 теңге. Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 511,65 теңгеге сатып алып, 513,51 теңгеге сатып жатыр.
Астанада долларды орта есеппен 509,42 теңгеге сатып алып, 515,47 теңгеге сатып жатыр.
Еске салайық, 26 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге өсті, 27 мамырда 1,24 теңгеге өсті, 28 мамырда 0,52 теңгеге өсті, 29 мамырда 3,17 теңгеге төмендеді, 30 мамырда 1,69 теңгеге өсті, 2 маусымда 0,55 теңгеге өсті.