Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ шұғыл медициналық тасымалдау қызметін сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды paryz.kz.
Тікұшақ экипажы шала туған нәресте мен оның анасын Талдықорған – Жаркент – Талдықорған бағыты бойынша шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді.
Ұшуды экипаж командирі Андрей Бухал мен екінші ұшқыш Анаят Акимов басқарды. Олар жағдайдың шұғылдығына қарамастан, науқастарды дер кезінде қауіпсіз түрде жеткізуді қамтамасыз етті.