«Қазгидромет» 2025 жылдың 31 мамыры мен 2 маусымы аралығына арналған бойынша ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
«1 маусым күні оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 2 маусымда батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі. Республика аумағының қалған бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі байқалады, елдің орталығында және оңтүстігінде күндіз 35-40 градусқа дейін аптап ыстық болжанады», – деп хабарлады синоптиктер.