Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында атыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды
Фото: Pixabay

Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.

"Олар дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға әкелінді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, жараланғандарды ажалдан аман алып қалған. "Оттегімен емдеу және инфузиялық терапия жасалды. Қазіргі уақытта азаматтар облыстық аурухана дәрігерлерінің бақылауында", - дейді ведомстводағылар. 

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолға алынды", - дейді облыстық полиция департаменті. Тергеу департамент басшылығының бақылауында.