Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болады

Қазақстанда ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиі ресми түрде мойындалмақ, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болады
фото: el.kz

Қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі егжей-тегжейлі пысықталады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты.

Қазір ым-ишара тілі ресми мәртебеге ие болған елдердің тәжірибесі зерттеліп жатыр. Оның айтуынша, Қазақстанда есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған 25 оқулық әзірленген, 2030 жылға дейін тағы 30-ға жуық оқулық шығарылады.

Көшербаев мұғалімдерді даярлайтын "Сурдопедагогика" бағдарламасы республиканың 3 жоғары оқу орнында барын айтты.

Арнайы педагогика бойынша мұғалімдерді даярлайтын басқа да бағдарламалар 17 жоғары оқу орнында бар.