Прямая трансляция

Астана

Астана

25.27°C

Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ағысы қатты өзенге құлап кеткен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды
© Sputnik / Елена Бережная

Марқұм болған жігіт әскери қызметкер болған. Оның денесі бүгін табылды.

"Оқиға орнынан 15 км төмен жерде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды .Табылған кезде ол ішінара киімде болған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді, сот-медициналық сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомстводағылар. 

Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы табиғи және ауа-райының қиын жағдайында жүргізілген. Операцияға барлығы 98 адам мен 22 техника жұмылдырылған. Еске сала кетейік, 12 мамырда әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ағысы қатты судан аспалы арқан арқылы өтпек болған ер адам өзенге құлап кетті. Оқиғаны қасында жүрген таныстары ұялы телефонға түсіріп тұрған.