14 мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Таңғы 7.00-де 6 команда Алматы облысы, Іле ауданы Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласында аяқтады.
Бес күн, яғни 500 шақырым қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды.
Екінші орын иегері - Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.
500 км қорытындысы:
1 Астана қаласы 31:19:05
2 Қырғыз Республикасының бірінші командасы 32:26:57
3 Ұлытау облысы 32:37:47
4 Маңғыстау облысы 33:09:03
5 Алматы облысы 33:47:05
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Алматы облысының аумағын қамтыды.
Қолдау көрсетушілер – «AMANAT» партиясы және Алматы облысының әкімдігі.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Alageum Electric» компаниясы.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары. Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Алматы облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.