Атырау қаласында полицейлер 17 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлады paryz.kz.
Кәмелетке толмаған жасөспірім қаланың көшелерінің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратып жүрген жерінен ұсталған.
Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның жанынан қара түсті изолентаға оралған, әрқайсысы 1 грамм салмаққа жуық 25 бума тауып, тәркіледі.
Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 24,7 граммды құрайтын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес (Аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау және тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.