Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Қазақ десең, өзіңе тиеді»: Айдос Сарым адамдар табысының қанша пайызын ойын-сауыққа жұмсайтынын айтты

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ел тұрғындары табысының едәуір бөлігін кітап-театрға емес, ойын-сауыққа жұмсайтынын айтты.

«Қазақ десең, өзіңе тиеді»: Айдос Сарым адамдар табысының қанша пайызын ойын-сауыққа жұмсайтынын айтты
фото: видеодан скриншот

«Қазақстанда ата-аналардың 21 пайызы өз баласымен кітап оқиды екен. Бұған да шүкір. Бір ақпарат айтайын. Алматыда екі-үш аудан жаңадан ашылған. Алатау, Наурызбай деген сияқты. Сондағы жұрттың шамамен 95 пайызы қазақ.

«Қазақ десең, өзімізге тиеді» бірақ. Осы аудандардағы халықтың бүкіл шығындарын түрлі банк арқылы, оның қосымшалары арқылы есептеп көрген. Осыншама ақша осы ауданның ішінде жүр, ол қайда шығындалады деп зерттеген ғой. Өнер-мәдениетке, кино-кітапқа шығынның 1 пайызын ғана жұмсаған. Кафе-мейрамхана, ойын-сауыққа 30 пайызын шығындаған. Бұл жұртта ақша жоқ деген сөз емес, бар. Мәселе оны қайда жұмсағаныңда. Жұрттың айлықтың 70-80 пайызын тамаққа жұмсайды, ақшаның бәрін қарызға жібереді дегені өтірік екен. Бәрі өзіңе байланысты, ақшаны қайда жұмсайтының. Бильярд ойнайсың ба, әлде балаңа кітап алып бересің бе», - деді Мәжіліс депутаты.