Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Түркияның Анталья қаласына қарасты Серик ауданында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды paryz.kz.

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Фото: pexels.com

Бұл туралы Түркия үкіметіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 17:43-те тіркелген. Зілзаланың ошағы 94 шақырым тереңдікте орналасқан.